Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, бірақ арызын дереу қайтарып алған

Фото: sportilinet.kz

Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазып, оны бірден қайтарып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2023 жылы 31 наурызда сот Қайрат Боранбаевты Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша кінәлі деп таныған еді. Олар:

Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi); 

189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу);

218-баптың 3-бөлігі, 3-тармағы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату).


Қайрат Боранбаевтың Medeu Park қонақүйі үш жылдан бері аяқталмай тұр


Қайрат Боранбаевтың бұрынғы компаниясы "Самұрық-Қазынаның" иелігіне өтті


Қайрат Боранбаев мұнай компаниясын мемлекет меншігіне 35 миллиард теңгеге өткізді


 

Боранбаев осы айыптары үшін ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда маусым айының аяғында үкімнің күші жойылып, бірінші сатыдағы соттың қаулысымен іс апелляцияға жіберілді. Осыдан кейін қыркүйекте Боранбаев апелляциялық тәртіпте кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

2023 жылдың 6 қарашасында Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетілгеннен кейін түзеу мекемесінен босатылғанын хабарлады. Бұған дейін кәсіпкер мемлекетке миллиардтаған теңге мен ондаған бизнес активтерін берген еді. 

Оның жазасының қалған бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Оған тұрғылықты жеріне оралу, ол жерде пробация қызметіне тіркеліп, оның қадағалауында болуы міндеттелді.

2 қазан күні Бостандық аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотында Боранбаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші бойынша сот отырысы онлайн режимде өтті.

"Отырыс барысында сотталушы өз өтінішін кері қайтарып алды. Нәтижесінде сот оның шағымын қанағаттандырусыз қалдырды", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, Қайрат Боранбаевтың "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталғаны туралы жазған едік.

Қайрат Боранбаевтың компаниялары шетелден қайтарылған қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Сондай-ақ оның компаниялары мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 миллиард теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берген және оған тиесілі Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті.

Сонымен қатар мемлекет меншігіне сауда ойын-сауық кешенін, жылжымайтын мүлікті басқару компаниясын және фитнес клубтар желісін қайтарды.

Залалды өтеуіне байланысты сот оның өтінішін қанағаттандырып, Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынды.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 03 Қазан, 2025 12:33
Талқылау