"Қайрат" "Астанамен" тең ойнап, бесінші рет чемпион атанды

Фото: “Қайрат” ФК
26 қазанда Орталық стадионда Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турындағы матч өтті. Онда алматылық "Қайрат" өз алаңында "Астанамен" тең түсті. Бұл туралы Stan.kz агенттігі хабарлайды.
Осылайша алматылық “Қайрат” қатарынан екінші жыл еліміздің чемпионы атанды.
Кездесу алаң иелерінің белсенді шабуылдарымен басталды, алайда нақты гол соғатын сәттер бола қойған жоқ. Ал қонақтар сирек ұйымдастырған қарсы шабуылдарының бірінде нәтижеге қол жеткізді: 15-минутта “Астана” капитаны Марин Томасовтың соққысы қақпаға дәл кірді.
“Қайрат” есепті теңестіруге талпынғанымен, бірінші тайм қонақтардың бір голдық басымдығымен аяқталды.
Үзілістен кейін алаң иелері қарсыластың қақпасына жойқын шабуыл ұйымдастырып, өз мақсаттарына жетті. 55-минутта алматылық команданың ойыншысы Дастан Сатпаев есепті теңестірді.
Бүгінгі “Қайрат” пен “Астана” арасындағы кездесу Қазақстан футболының нағыз эль-классикосы. Ойынның тағдыры чемпиондыққа тікелей әсер ететіндіктен, жанкүйерлердің қолдауы ерекше. Стадион маңында көтеріңкі көңіл күй, музыка мен ұрандар, балалардың күлкісі мен қолындағы командалық жалаушалар бәрі де бұл кештің ерекше екенін аңғартады.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді