"Қайрат" – "Астана" матчы: Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылды
Фото: Ru.freepik.com
Алматыда “Қайрат – Астана” футбол матчы кезінде Сәтбаев көшесінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде – Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықта (шығыс–батыс бағытында) көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.
“Алматы полициясы қала тұрғындарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады”, – деп мәлімдеді полиция департамент.
Еске салайық, бүгін Алматыда Қазақстан премьер-лигасының соңғы, 26-турындағы шешуші матч өтеді. Бұл кездесу ел чемпионын анықтайды: алаң иелеріне тең нәтиже жеткілікті болса, қонақтарға чемпион атану үшін жеңу қажет. Қазір алматылықтардың еншісінде – 58 ұпай, ал астаналық командада – 56 ұпай бар.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді