Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қауіпті түтін: Никотин неліктен темекі шегетін адамдарда болатын ауруларды тудырмайды

Темекі түтініндегі қандай заттар үлкен қауіп төндіреді деген сұрақ төңірегінде көптеген қате түсініктер бар. Көп жағдайда никотинді денсаулыққа келтіретін зиянның басты себебі деп атайды. Алайда ғылыми қауымдастықтың бірыңғай пікіріне сәйкес, денсаулыққа ең үлкен қауіп – темекі шегу процесінде пайда болатын жанатын өнімдер.

Америкалық қатерлі ісік қоғамының (ACS) мәліметтері бойынша, бір темекі жанған кезде шамамен 7000 химиялық қосылыс бөлінеді. Олардың 250-ге жуығы уытты, ал 70-і қатерлі ісік тудыруы мүмкін канцерогендер ретінде танылған. Ішінде тыныс алу жолдарына әсер ететін және өкпе мен өңеш қатерлі ісігін тудыратын бензопирен, сондай-ақ қантүзілім жүйесінің жұмысын бұзатын және лейкоздармен байланысты бензол әсіресе қауіпті болып саналады.

Ацетальдегид басқа канцерогендердің әсерін күшейтеді, тыныс алу жолдары онкологиясының қаупін арттырады. Формальдегид шырышты қабықтарға уытты әсер етеді, мұрын-жұтқыншақ обырымен байланысы бар. Ауыр металдар ерекше қауіп төндіреді, мышьяк пен кадмий ағзада жиналып, ішкі органдарды зақымдайды. Мышьякті өкпе мен терінің қатерлі ісігімен, ал кадмийді бүйрек функциясының бұзылуымен және созылмалы өкпе ауруларымен байланыстырады. Темекі түтінімен бірге ағзаға түсетін никель мен гидразин өкпенің қатерлі ісігінің қаупін едәуір арттырады. Сондай–ақ түтіннің құрамында қорғасын бар, ол – ми мен жүрекке теріс әсер ететін токсин және өте аз концентрацияда да ісік процестерін қоздыруға қабілетті винилхлорид. Органика жанған кезде пайда болатын полициклдік хош иісті көмірсутектер (ПХК) ең күшті канцерогендер ретінде танылған және өкпе обырының дамуымен тікелей байланысты. Сонымен қатар темекіде радиоактивті заттар бар – полоний-210 және уран-235. Олар өсімдікке топырақ пен тыңайтқыш арқылы келіп түсіп, түтінмен бірге жұтылады. Бұл заттардың тұрақты түрде жиналуы ішкі сәулеленуге және өкпе обырына әкелуі мүмкін. Нитрозаминдер әсіресе қауіпті, темекіге тән канцерогендер ауыз қуысының, өңештің және тыныс алу жүйесінің онкологиялық ауруларын тудырады.

Public Health England британиялық ведомствоның есебіне сай, темекінің жанатын өнімдері – онкологиялық процестердің басталуының және өмірлік маңызды органдардың зақымдануының негізгі себебі. Бұл уытты заттар өкпеге ғана емес, жүрек-қан тамыр жүйесіне де зиян келтіреді, инфаркт пен инсульт тудырады.

Бұл ретте, никотин, кең таралған пікірге қарамастан, күрделі ауруларды тудырмайды. Бұл – темекі жапырақтарында, сондай-ақ бірқатар көкөністе (қызанақта, баялдыда, картопта) кездесетін өсімдіктектес табиғи алкалоид. Никотин фармакологиялық әсері жағынан кофеинге ұқсас: ол да психикалық белсенді әсерге ие және тәуелділікті тудыруы мүмкін, бірақ канцерогендерге жатпайды. АҚШ Ұлттық онкологиялық институтының (NCI) мамандарының белгілеуінше: никотин емес, жанатын өнімдер денсаулыққа негізгі қауіпті төндіреді.

Бұл айырмашылықты түсіну ғалымдарға Зиянды азайту тұжырымдамасын тұжырымдай отырып, темекі шегуге қарсы күресті жаппай тыйым салу жолы ретінде қайта қарастыруға мүмкіндік берді. Оның мақсаты – никотиннен толығымен бас тартуға дайын емес темекі шегетіндерге оны тұтынудың денсаулыққа қауіпті азайтатын баламалы тәсілдерін ұсыну. Бұған никотин пастилкалары, сағыздар, снюстер (никотин қалташалары) немесе стиктер сияқты түтінсіз өнімдер жатады. Олар никотинді жану процесінсіз алуға мүмкіндік береді, яғни түтіннің құрамындағы канцерогендердің аз мөлшерімен. 

Мамандар темекіні қыздыру жүйелеріне (ТҚЖ) немесе хиттерлерге ерекше назар аударады. Кәдімгі темекіден айырмашылығы, олар темекіні жандырмайды, бірақ оны шамамен 350 °C температураға дейін қыздырады. Түтіннің орнына аэрозоль пайда болады, онда бензопирен, формальдегид, бензол және ПХК сияқты канцерогендер жоқ.

Ғылыми зерттеулер хиттердегі зиян заттардың деңгейі дәстүрлі темекі шегумен салыстырғанда шамамен 95% төмендегенін көрсетеді. Дегенмен бұл құрылғылар да мүлдем қауіпсіз емес екенін атап өткен жөн. Себебі олар никотин мен зиян қосылыстардың бір бөлігін ағзаға жеткізеді.

Халықаралық сарапшылар қауымдастығы темекі шегушілер үшін темекі мен никотиннен толық бас тартуды ең тиімді шешім деп санайды. Алайда әзірге бұл мүмкін болмаса, зияны азырақ түтінсіз баламаларға көшу жаман әдетпен күресудің ақылға қонымды аралық стратегиясы болуы мүмкін. Бұл ретте заңнамалық бақылауды қамтамасыз ету маңызды: кәмелетке толмағандарға мұндай өнімдерді қолжетімді қылмау, "бас тартуға" дайын емес ересек темекі тұтынатындар ғана никотинді тұтынудың ғылыми негізделген, зияны азырақ әдістерін таңдай алуы керек. Осылайша, қоғамды баламалы тәсілдер туралы ақпараттандыру және зиянын азайту денсаулық сақтау саласындағы жауапты мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болуға тиіс.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 10:00
Талқылау