"Қауіпті аймақ бізге жақын орналасқан": Қырғызстандықтар Қазақстанда салынатын биолаборатория құрылысына қарсы шықты
Бішкектен 80 шақырым қашықтықта Қазақстан жерінде салынатын биолаборатория құрылысына қырғыз белсенділері қарсы шықты. Бұл тек Қазақстан мен Қырғызстанның ғана емес, бүкіл әлемнің мәселесі деген олар, Қазақстан президентіне үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөз Акиpress
14 маусымда өткен баспасөз мәслихатында олар бір кездері Қырғызстанда Ботаникалық бақтың жанынан биологиялық зертхана салу жоспарланғанын айтты.
Алайда, ол кезде Қырғызстан азаматтары мен Жогорку Кенеш депутаттары тұтас қарсылық білдіріп, президент шешімінен бас тартты", - деді "ЭрК" партиясының жетекшісі Тұрсынбай Бәкірұлы.
Белсенділер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, құрылысты тоқтатуға шақырды.
"Бұл тек Қырғызстанның немесе Қазақстанның мәселесі емес. Бұл жаһандық проблема. Біз бұл мәселені COVID-19 пандемиясының аясында көтеріп отырмыз. Инфекцияның бүкіл әлемге қалай тез тарап кеткенін бәріміз көрдік. Адамдар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсінуі керек", - деді Бәкірұлы.
- Қазақстан Қырғызстанға әскери техникасын береді
- "Арқалап апарған": Қырғыз қызына көмектескен қазақстандық спортшының видеосы желі қолданушыларын сүйсіндірді
Олардың мәліметінше, биолабораторияның құрылысы 2025 жылы аяқталады деген жоспар бар.
"Бұл зертхана 4-ші деңгейлі болады. Бұл Орталық Азиядағы осындай деңгейдегі жалғыз биолаборатория болмақ. Мұнда әлемдегі барлық аурулар, инфекциялардың штамдары жиналады. Бұл өте қауіпті, әсіресе Қырғызстанға жақын. Келісімге премьер-министр Мамин қол қойған", - деді деді саясаттанушы Бақыт Бакетаев.
Баспасөз мәслихатының өзге де қатысушылары, азаматтық белсенділер мен блогерлер қазақстандықтарды да биологиялық зертханаға қарсы тұруға шақырды.
Егер шара қолданылмаса, белсенділер Қордайға 80 шақырым жаяу барып, қазақтарды да үгіттейміз деп отыр. Сонымен қатар, олар биологиялық зертхана салынатын жағдайда ұлттық қауіпсіздікке қатысты түсініктеме беруді сұрап, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгінген.
Ал жиналғандар президент Садыр Жапарға көмек сұрап жүгінді.
"Біз мүшелікке кіретін халықаралық ұйымдарға қысымды арттырыңыз. Мысалы, ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы), ҰҚШҰ (Ұлттық қауіпсіздік шарты ұйымы). Бізге қайтарым бола ма? Бұл бізге ғана емес, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстанға да керек", - деді Тұрсынбай Бәкірұлы.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
