Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісіктің агрессивті түріне шалдыққан қазақстандық бүлдіршінге шұғыл түрде көмек керек

Қазақстандық 4 жасар сәбиге шұғыл түрде сүйек кемігін трансплантациясы қажет. Батыр Абин қан қатерлі ісігінің агрессивті түріне шалдыққан.Уақытты босқа өткізбеу үшін ансы баланы Түркиядағы емханаға апарғысы келеді. Қазір бала дәрігерлердің бақылауында, бірақ осының өзі көп қаржыны керек етеді. Химиотерапия курстары, күтім жасау және операцияға 70 миллион теңге қажет. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

Батырдың көңіл-күйі жақсы болатын минуттар, анасы Зәуренің айтуынша, өте сирек болады. Тұрақты медициналық процедуралар, системалар, инъекциялар, анализдер баланы әбден шаршатқан. 4 жылдан бері осы жағдай жалғасуды. Ұлының жағдайына қарап, анасы да қиналады. Бірақ ол күресу керек дейді. Қорқынышты диагноз – баланың жедел миелобластикалық лейкозы туралы отбасы алты ай бұрын білген. Содан бері бала бірнеше химиотерапия курсынан өтті, бірақ мұндай ем іс жүзінде көмектеспеді. 

“Лейкоздың өте агрессивті түрі. Қазақстанда емделген кезінде дәрігерлер оның ерте рецидив болғанын және сүйек кемігін шұғыл түрде трансплантациялауды айтты . Оның ерте рецидиві болғандықтан, біз Түркияға ұшып барып, емді осында жалғастыруды жөн көрдік. Түрік дәрігерлері Батырдың қатерлі ісіктің өте агрессивті түрімен ауыратынын және оған тек сүйек кемігін трансплантациялау көмектесе алатынын растады”, – деді анасы Зәуре Төлебаева.

Отбасы Батырдың ағасы донор болады деп үміттенді, бірақ әзірге ол тек 6 параметрге сәйкес келеді, ал негізінде материалдары 10-нан 10 пункт бойынша сәйкес келетін донор керек. Іздеуге өте аз уақыт қалды. Йонтем Йаман, дәрігер: -

“5-6 апта ішінде түрік донор банкінен Батырға 100% сай келетін сүйек кемігін трансплантациялауға лайықты кандидатура табуға тырысамыз. Егер оны таба алмасақ, ағасымен және басқа туыстарымен нұсқаларды қарастырамыз.

Қазір дәрігерлер донор іздеп жатыр, отбасы операцияға қаржы жинауда. Қажетті 70 миллион теңгенің жартысынан көбі жиналды, шұғыл түрде тағы 27 миллион теңгені табу керек. Батырдың отбасы қайырымды қазақстандықтар балаға өмір сыйлауға көмектемеді деп үміттенеді.

Байланыс телефоны:+7 707 574 84 88

Көмек үшін Реквизиттер: Kaspi Gold: 5169 4971 4380 4890 – Тюлебаева З; ЖСН: 890403450681; Телефон нөмірі: +7 707 574 84 88; Шот нөмірі: KZ68722C000014927039

Сбербанк РК: 4263 4333 3749 2505

Сбербанк РФ:  4263 4333 3809 2585

Сбербанк $: 4263 4333 4247 0538

Талқылау