Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан отандық танымал музыкант халықтан көмек сұрайды

Жақында жыныс безінің қатерлі ісігіне шалдыққан танымал отандық музыкант Еділ Құсайынов халықтан көмек сұрайды. Қазіргі уақытта музыкант шетелге барып емделуге қаражат жинап жатыр. Еділ Сейілханұлы Құсайынов - композитор, этномузыкант. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Stan.kz редакциясының тілшісі музыкантпен байланысып, жағдайын білді.

Еділ Құсайыновтың айтуынша, қазіргі уақытта дертінің емін әлі қолға алмаған. Ауру Covid-19 таралған кезде пайда болған, соңғы жарты жыл мазалап келеді. 

"Қазіргі жағдайым жаман емес. Шамамен 6-7 ай бұрын денсаулығым сыр берді. Covid-19 вирусы пайда болған кезде ауруым басталды. Ем алуды әлі бастаған жоқпын. Дәрігерлер әртүрлі пікір айтады: сәулемен емдеу керек десе, бірі ісікті кесіп алып тастау керек дейді. Ал енді бірі Түркиядағы робот Да Винчимен емдеу керектігін айтады", - дейді музыкант.

Айтуынша, соңғы нұсқа бойынша енді Түркияға барып емделмек. Оған біраз қаражат керек.

Қажетті қаражат мөлшері 10 969 370 теңге. Емнің атауы - роботты радикалды простатэктомия. 

Этно-музыканттың айтуынша, мемлекеттен ешқандай көмек беріліп жатқан жоқ.

Еділ Құсайынов - "Алтай-Тарбағатай өңірінің сыбызғы күйлері" кітабының, түрлі ансамбльдерге, халық және симфониялық оркестрлерге арналған көптеген музыкалық шығармалардың, «Көкбөрі-Күлтегін» 2-актілі балетінің, «Құрақ көрпе», «Келін» кинофильмдері музыкасының авторы.

Осы уақытқа дейін «Ілбіс елі Земля Ирбиса», «Бұлбұл заман» кұйтабақтарын шығарған. 1980 жылдан бері «Отырар сазы» этнографиялық оркестрінің әртісі-солисі, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің әртіс-солисі. 2000 жылдан  бері Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы. КСРО, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Халықаралық варган (шаңқобыз) ассоциациясының мүшесі.

24.10.2020 күніне сәйкес, дәл қазіргі қажетті қаражат мөлшері 6 236 000 теңге болып отыр. Ақша жинау бойынша есептің бәрі Еділ Құсайыновты Инстаграм парақшасында жарияланатын болады. 

Көмектесем деушілерге Еділ Құсайыновтың реквизиттері 

 Карта HALYK BANK:
4390 8782 0130 6379

 Карта KASPI BANK
5169 4971 0080 8710
Yedil Khussainоv

Талқылау