Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатерлі ісікке әкеліп соғатын күлді жұтып жүрміз": Семейліктер дабыл қақты

Семейде бүтін бір ықшамаудан тұрғындарына қолдарына плакат ұстап, көшеге шықты. Олар қалалық қазандықтан ұшқан күлге күні-түні тұншығып отырғандықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Қалдықтың кесірінен алдағы екі-үш жылда қатерлік ісікке шалдығып, түрлі індет таралады деп қорыққан жандар көшеге шығудан қалдық дейді. Ал химиялық қоспалар жаңбыр суымен бақшаға ағып, көкөністер бүлініп жатыр екен. 

"Семей қаласының әкімі ештеңе болмағандай түр танытады. Негізінде бұл солардың жасап отырғаны. Экологиялық сұмдық жағдай болады", - деп дабыл қақты қала тұрғындары. 

Семейліктердің бұлайша дабыл қағуына себеп бар. Өйткені, құм тәрізді зат - қаладағы "Теплокомуэнерго" қазандығынан шығарылған күл. Ықшам ауданға тым жақын орналасқан "Бабин" карьеріне қалдықты күні-түні камаздар тасиды екен. Тұрғындар жергілікті билік тез арада осы мәселеге көңіл аударып, оны шешпесе әкімдіктегілердің шырқын бұзатындарын айтады.

"Сол үшін айтарым, егер де мына Семейде отырған әкімшілік, қолдарынан келетін адамдар, бір ауыз сөзбен шеше алатындар, осы жаққа көңіл бөлмесе, жұмыстарын дұрыс атқармаса, біз еріксіз, мәжбүр боламыз, жолдарды жабуға және сол жолмен әкімдікке жүріп отырамыз. Оны өздеріңіз ертең көрерсіздер", - дейді Арман Төлегенов.

Онсызда радиациялық аумаққа тым жақынбыз деген жергілікті жұрт экологиялық апаттың зардабын білеміз дейді. Оған қоса, күлдің құрамында иісі жоқ «бензопирен» көмірсутегі болады екен. Ол жаңбыр және жерасты суларымен тұрмыстағы тіршілік нәріне араласса, обыр дерті көбеймек. Сондай-ақ,  наразы топ қала сыртында өзге күл төгетін карьер бар екенін алға тартады. Ал Семейге жақын төгуін, шенеуніктердің бөлінген қаржыны қалтасына басудың бір жолы деген ойда.  

"Олар бұл жерге тегін төгеді. Бұл ақша жымқыру. Ал қараджатты қалталарына салады. Бұл таза ақша жымқыру", - дейті тұрғындар.

Ал, әкімдіктегілер бұл пайыммен келіспейді. Өйткені, экологияға жауапты министрлік Семей басшылығына күлді биылдан бастап 2022 жылға дейін "Бабин" карьеріне төгуге рұқсат беріпті. Ақ жағалылар қоқыс алаңында қалдықтың үйілуіне халықтың да қатысы бар дейді. Бұл туралы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі және тұрғын үй инспекциясының маманы Асан Дүйсембаев айтып берді. 

"Карьер тұрғын үй алқабынан 1 шақырымнан астам жерде орналасқан. Басқа ешқандай қоқыс тастамаймыз. Есесіне, пешпен үйін жылытатындар күлді төгу туралы келісім жасаспай, өздері жол бойындағы үйіндіге қалдықтарын әкеп тастайды. Әрине, сосын заңсыз қоқыс алаңы ұлғаяды. Бізде барлық қауіпсіздік шаралары қамтылған", - дейді ол. 

Эколог Роман Честных семейліктердің алаңдауы орынды дегенді айтады. Оның сөзінше, қазірде арнайы жерде бұрхан-бұрхан болған күл ашықтан-ашық жатпауы тиіс. Әрбір камаз төккен қалдық бетін 20 сантиметр басқа материал төселуі міндетті, олай болмаса, су астына жіберген жөн.    

"Көлік қалдықты төккен соң, бульдозер оны тек қана жайып тастайды екен. Кейін ол желмен ауаға тарауы мүмкін. Санитарлық талаптар бойынша, карьер төгілген әрбір күлдің үстін 20 сантимер басқа материал басып қалуы тиіс".
Қоршаған ортаны зерттейтін маман тұрғындарға тез арада мамандарды шақыруды кеңес береді. Уақыт жоғалтуға болмайды", - дейді эколог.

Таймас ықшамаудандағылар наразылық акциясына әкімдіктегілерді шақыртыпты. Алайда, Ермак Салимовтың командасынан ешкім жиынға келген жоқ.

Талқылау