Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kaspi.kz - Қазақстандағы №1 интернет-дүкен атанды

Kaspi.kz алтыншы рет Қазақстандағы ең ірі сауда интернет-алаңдарының TOP KZ Retail E-Commerce 2023 ренкингінде бірінші орын иеленді.

"Kaspi.kz – толығымен Қазақстанда құрылған технологиялық және инновациялық компания екенін мақтан тұтамыз. Біз әлемдік деңгейдегі онлайн- сервистерді ұсына отырып, сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартуға тырысамыз. Ал бизнеске арналған сервистеріміз қазақстандық кәсіпкерлерге өсіп-өркендеуге және жұмыс орындарын құруға көмектеседі.
Әрбір сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс!", – деді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе. 

Forbes Kazakhstan іскерлік журналы Baker Tilly Kazakhstan халықаралық консалтинг компаниясымен бірлесе отырып, жыл сайын TOP KZ Retail E-Commerce ренкингін жасайды. Авторлар қазақстандық интернет компанияларды онлайн-сатылымнан түскен түсімнің көлемі бойынша бағалайды.

Талқылау