Экология министрлігі Алматы облысында қасқырдың терісін сатқандар жайлы түсініктеме берді
Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары мен облыстың полиция қызметкерлері және "Охотзоопром" РГКП еріктілерінің сөзінше Алматы облысындағы жеке үйде қасқырларды терісі үшін өлтіріп, терісін сатылымға шығарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қорқынышты кадрларда желіде Евгения Калиниченко жариялады. Кадрлардан қасқырдың лас қоршаудың ішінде қатты қорықаннан бір бұрышқа тығылғанын көруге болады.
Жануар қатты арықтап кеткен. Экология министрлігі жануар Іле ауданы, Алматыдан 20 шақырым жерде орналасқан "Дорожник" саяжай кешенінде екенін анықтады.
"Қоршаудағы жеті айлық жас қасқыр екені анықталды. Жағдайы қанағаттанарлық. Калиниченконың айтуынша, ол жануарды әлеуметтік желідегі жарнаманы көріп, сатып алған және қазір оны үйде ұстап отыр. Алматы хайуанаттар бағының жануарды қабылдаудан бас тартуына байланысты бұл жануарды уақытша күтім жасау үшін жануарларды иесінде қалдыру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Инспекция мамандары мен еріктілер жануарға пана іздеуде.
"Егер Алматы хайуанаттар бағында жануарды күтіп ұстауға қабылдамаса, жабайы жануарларды қолайлы жерге орналастыр кезінде бірқатар қиындықтар туындамақ", - деп хабарлады экология министрлігі.
Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары процессуалдық шешім қабылдау үшін жан-жақты әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді.
Еске салсақ, қасқырларды өлтіріп терісін сатумен күн көріп жүргендер жұрттың наразылығын тудырды.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
