Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаскелеңде ақыл-есі кем балаларға арналған интернат оқиғасы: Білім беру басқармасы жауап берді

Қаскелеңде орын алған аурушаң бала мен жартылай жалаңаш тәрбиешіге қатысты оқиғаға Алматы облысы білім беру басқармасы жауап берді.

Еске сала кетейік, ер адам 10 жастағы ұлын алып кету үшін интернатқа келгенде, бөлмеде екі әйел мен баласын көрген, әйелдердің бірі беліне дейін жалаңаш күйде төсекте жатқанын хабарлаған еді.

Оқиға туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне Алматы облысы білім басқармасының мектеп алды, мектептен тыс және интернат мекемелері бөлімінің бас маманы Назира Жексембаева айтып берді.

Оның айтуынша, интернат тәрбиешісі жоғары білімді, интернатта 2009 жылдан бері істеп келеді. Бұрын баланың ата-анасымен ренжісіп, сөзге келмеген.

“Тәрбиеші Арсенге қарап, қамқор болып жүріпті. Мылқау бала болғандықтан, көп көңіл бөледі екен. Оның үстіне бала аутизм дертіне шалдыққан. Сол күні қан қысымы көтеріліп, тәрбиешінің жүрегі қысып, медбикені шақырады. Ал балаға ешкім тиіспесін деп бөлмеге кіргізіп алған. Қазір тәрбиеші емделіп жүр, жүрек қызметінің жетіспеушілігі диагнозы қойылған”, — деп түсіндірді Жексембаева.

Ал, желі қолданушыларының бірі (атын атамуды өтінді) бұл даудың анық-қанығын сол оқиға кейіпкерлерін танитын танысынан естігенін жазған.

«Сол оқиға кейіпкерлерін танитын танысым хабарласты. Оның айтуынша интернат қызметкерінің денсаулығы нашар екен. Сол ауру бойынша есепте тұрған. Оқиға болған күні қатты ауырып, талып қалған, есін жиған соң, өзін алып кету үшін көлігі бар көршісін шақырған.
Көршісі қатты ауырып тұрған соң жедел көмектесу үшін ол ауырып жатқан бөлмеге кірген. Сыртқа алып шық демейді ғой. Ол келгенге дейін қызметкерлер су шашқан, ауа жетпеген соң киімін шешкен. Бұдан кейін көмекке барған кісі қатты ауырып, есін жия алмай жатқанын көріп, өзіне келгенше қозғалмауын сұраған. Сол кезде баланың әкесі кіріп келіп, суретке түсіре бастаған. Бірі ауырып, бірі деміңді басып жата тұр деп, абыр-сабыр болған екеу баланың қай кезде кіргенін аңғармаған”, -деп жазба қалдырған.

Қазіргі уақытта білім беру мекемесінде қызметтік тексеру жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз:

Мектеп-интернат тәрбиешісі шәкіртін өлімші етіп сабады деп айыпталды

Шымкентте 80 жастағы суретші 50 жыл бойы полицейлерге көмектесіп келеді

Астана маңындағы тұрғын үй халқы құрбақа басқан құдықтан су ішіп отыр

Шымкент тұрғындары Алғыс айту күнінде көшеде кездескен жандарды құшақтап рахмет айтты

STAN.KZ
Жұма, 02 Наурыз, 2018 13:22
Талқылау