Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың тез сауығып кетуін тіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған Назарбевтың тез сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Президент әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы мемлекет басшысының коронавирус жұқтырғанына өкініш білдірді. Бұл күрескер адам үшін түк емес, ол вирусты еркін жеңеді деп жазды Тоқаев.
"Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін", - дейді Қасым Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Оның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен болатын.
Сонымен қатар, елімізде демалыс күндері карантин шаралары күшейтілетіні туралы жазғанбыз.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн