Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі жеңіс шеруіне қатысады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 24 маусымда Мәскеуде өтетін жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы оның Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 24-маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр", - деп жазды Берік Уәли.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің коронавирусты жеңіп шыққаны белгілі болған.
Талқылау
Пікір