Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың жоспарларын бекітті

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен сыртқы саясат жөніндегі мәселелері талқыланды. 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды.

Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру шаралары да пысықталды. 

Сондай-ақ аймақтарды экономикалық және әлеуметтік дамыту жөніндегі іс-шаралар мен 2020 жылдың І тоқсанына жоспарланған маңызды мәселелер талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді. 

STAN.KZ
Жексенбі, 05 Қаңтар, 2020 10:28
Талқылау