Қасақана бомбамен жарған: Ресейде тағы бір көпір опырылып, пойыз вагоны құлады
Фото: Александр Хинштейн Telegram
Ресейдің Курск облысында Тросна – Калиновка трассасының 48-ші шақырымында тағы бір көпір құлап үш адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстың уақытша губернаторы Александр Хинштейн бұл туралы хабарлап, оқиға салдарынан үш адам жарақат алғанын жеткізді.
“Түнгі сағаттарда Тросна – Калиновка трассасының 48-ші шақырымында, Железногорск ауданы аумағында жүк пойызының локомотиві өтіп жатқан кезде көпір күрт құлады. Пойыздың бір бөлігі көпірден төменге түсіп, астындағы автокөлік жолын жабады. Локомотивте өрт шыққанымен, төтенше жағдайлар қызметкерлері оны жедел түрде ауыздықтады. Қалған вагондар теміржол платформасында тоқтатылды”, – деді ол.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, локомотив машинистерінің бірінің аяғы жарақат алған. Барлық жараланғандар жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бақылауына алынды. Көпір астындағы автокөлік жолы толық жабылып, қозғалысы айналып өтетін жол арқылы ұйымдастырылды.
-
Атырау облысындағы жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болды (видео)
-
Солтүстік Кореяда кеме аударылғаны үшін жоғары лауазымдағы шенеунік қамауға алынды
Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренконың хабарлауынша, Курск пен Брянск облыстарындағы екі көпір де қасақана бомбамен жарылып отыр. Қылмыстық істер қозғалып, тергеу жұмыстары Ресей Тергеу комитетінің басты басқармасына тапсырылды. Қазір оқиға орындарында тергеушілер жұмыс істеп, әрекеттер жүргізуде.
Бұл оқиға Ресейдегі көлік инфрақұрылымына жасалған қасақана шабуыл ретінде бағаланып, қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақыруда.
Еске салсақ, дәл осы 1 маусым күні Ресейдің Брянск облысында үстінде жүк көлігі келе жатқан көпір опырылып құлап астында өтіп бара жатқан пойыз вагонына түскен еді. Жеті адам қаза тауып, 30-дан аса адам зардап шекті. Бұл бір күнде болып отырған екінші апат.

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
