Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаржылық сауатсыздықтың кесірінен жағдайларын қиындата береді": Смайылов халықтың банк алдындағы берешегі 9,2 триллион теңгеге жеткенін айтты

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтар несиелерін жабу үшін жоғары пайызбен несие алуға мәжбүр екенін айтты. Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Смайылов халықтың шамадан тыс кредит алуы үлкен әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып бара жатқанын атап өтті. Үкімет басшысының дерегінше, 1-ші қыркүйектегі жағдай бойынша  банктердің тұтыну кредиттерінің портфелі – 9,2 триллон теңге. 

“Бұл орайда бір қарыз алушыға шаққандағы берешектің орташа мөлшері шамамен 1,5 миллион теңгені, ал проблемалық тұтыну кредиттері бойынша 1 миллион теңгені құрайды", - деді Смайылов.

Үкімет басшысы атап өткендей, кейбір азаматтар мерзімі өтіп кеткен кредиттерін жабу үшін одан да жоғары пайызбен жаңа кредиттер алады.

“Осылайша шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен бата береді. Ал банк кредит беруден бас тартқан жағдайда, олар пайыздық үстемесі өте жоғары микроқаржы ұйымдарына жүгінеді. Осылайша адамдар қаржылық сауатсыздықтың кесірінен жағдайларын қиындата береді. Бұл мәселені шешу мақсатында Мемлекет басшысы "Қарызсыз қоғам" жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырды", - деді Премьер-министр.


 

Талқылау