Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу агенттігі "Банк ЦентрКредитке" "Альфа-Банк" АҚ банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Банк ЦентрКредитке" "Альфа-Банктің" Қазақстандағы еншілес банкінің банктік холдинг статусын иемденуге рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Альфа банк

"Банк ЦентрКредит" "Альфа-Банктің" 100% акциясын сатып алып, алдағы уақытта өзіне қосу түрінде қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

"БЦК" АҚ-ның Альфа-Банктің капиталына кіруі клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін оны қосымша өтімділікпен қолдауға мүмкіндік береді.

"ЦентрКредит Банкінің" директорлар кеңесі қос банкті қосу арқылы қайта ұйымдастыру сұрағын 2022 жылдың 20 мамырында өтетін акционерлердің жалпы жиынында талқылау туралы шешім қабылдаған. 

Қазіргі уақытта "БЦК" АҚ 147 млрд теңге мөлшерінде меншікті капиталға және 674 млрд теңге  мөлшерінде өтімділігі жоғары активтерге ие. "БЦК" АҚ Альфа-Банктің қосылуын ескерумен 5 жылдық кезеңге Бизнес-жоспар ұсынды, ол "БЦК" АҚ-тың 5 жылдық кезеңде қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжамайды.  


  • Сыртқы істер министрі ресейлік "Альфа-банктің" Қазақстандағы бөлімшесінің жағдайын түсіндірді

“Заңнаманың талаптарына сәйкес "БЦК" АҚ тарапынан Альфа-Банктің банк холдингінің мәртебесін иеленуіне келісім алуға бас тартуына негіздер жоқ”, – делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты, Агенттік "БЦК" АҚ-қа Альфа-Банктің банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы шешім қабылдады.

2022 жылғы 6 сәуірде АҚШ ресейлік банк Альфа-Банкке қатысты санкцияларды аясын кеңейткен. АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) шешімімен банк және оның еншілес ұйымдары, оның ішінде Қазақстанда орналасқандары SDN (Specially Designated Nationals) тізіміне енгізілді. OFAC Альфа-Банкпен мәмілелерді аяқтау мерзімін 2022 жылғы 6 мамырға дейін белгіледі.

Банк акционерлерінің ауысуы Альфа-Банктің кейіннен АҚШ пен бірқатар басқа елдер енгізген санкциялардан шығуына ықпал етеді.

Айта кетейік, бұған дейін “ЦентрКредит Банкінің” Альфа-Банк Қазақстанды сатып алатыны туралы хабарлаған едік.

Назархан Уән
Сәрсенбі, 04 Мамыр, 2022 10:00
Талқылау