Қаржы министрі жаңа Салық кодексі қабылданған соң қандай салықтардың қысқаратынын айтты
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елде жаңа Салық кодексі қабылданған соң қандай салықтардың қысқаратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, жаңа кодекстің жобасы алдағы уақытта таныстырылады.
"Бәріңіз білесіздер, қазір жаңа Салық кодексін әзірлеп жатырмыз. Меніңше, кей алымдар қысқарады. Бізде бірнеше салық түрі жүйе құраушы болып есептеледі. Олар: ұжымдық салық, үстеме пайда салығы мен пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық. Ал жарнамаға арналған алымдар секілді ұсақ салықтар қысқарады", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейтінін айтқан еді.
Талқылау