Министр жаңа министрліктерді құруға қанша қаражат бөлінетінін айтты
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның сөзінше, жаңа министрліктер бір айдың ішінде бөлінеді. Содан кейін ғана қосымша шығындар есептеледі.
"Жаңа министрлік деген аты ғана болмаса, олар ескі министрліктерден бөлініп шыққан ведомстволар. Сондықтан біздің позициямыз – қазіргі бар қаражат көлемінде бөлу. Әрбір министрліктің әр салаға бөлінген қаражаты бар, сол қарастырылған қаражатын бөліп алады. Ал әкімшілік шығыстарды адам саны қалай бөлінеді, солай бөлеміз", - деді Жамаубаев мәжіліс кулуарында.
Министр әкімшілік шығыстар аз ғана екенін және жаңа министрліктер бұрынғы ғимараттарында қала беретінін жеткізді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”