Картопты Қазақстаннан шығаруға шектеу енгізілді
Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстаннан жаңа піскен және тұқымдық картопты шығаруға шектеу енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұйрық 2022 жылғы 22 ақпаннан күшіне енеді және 2022 жылғы 1 мамырға дейін қолданыста болады.
Құжатқа сәйкес, жаңа піскен картопқа 144 500 тонна, тұқымдық картопқа 57 500 тонна квота белгіленген. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу ережелері де бекітілді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеу енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында 2022 жылғы ақпан-сәуірде республика аумағынан тауар шығаруға квота алуға өтінім қабылдау басталатынын жариялайды.
Министрлік квота көлеміне байланысты бір өтінім берушіге 3 мың тоннадан аспайтын мөлшерде тауар шығаруға шекті лимит белгілейді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ