Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қартаю – бақыт”: Джеки Чан 70 жасқа толды

7 сәуірде жекпе-жек шебері, режиссер, продюсер Джеки Чан 70 жасқа толды. Актер 8 сәуірде Instagram парақшасында фотолар мен ұзақ жазбалар жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Instagram желісінен

Желідегі жазба 1 миллионнан астам лүпіл жинады.

“Бұл санды естіген сайын бір секунд ойланып, таңғаламын. Шынымен жетпіс жастамын ба? Таңданғаннан кейінгі келетін екінші ой: үлкен ағам Саммо Хунгтың “қартаю – бақыт” деп айтқаны. Әсіресе, экшн-фильмдер түсіретіндер мұндай сәттіліктің қаншалықты сирек болатынын біледі", – деп бөлісті актер.

Мерейтой иесі ескі фотосын да бөлісті.

"Бұл суреттерге қараған кезде жүрегім көптеген сезімге бөленеді. Бір сөзбен білдіретін болсам, “мен өз жұмысымды жақсы көремін", – деп қосты ол. 



Өнер иесі жылы лебіздерін білдіріп, құттықтаған баршаға алғысын білдірді.

Еске салсақ, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Джеки Чанның үйінде қонақта болған еді. Джеки Чан әншінің өнерін жоғары бағалап, Қазақстанға ыстық ықыласын білдірді. Тіпті ол желіге домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқағанын да салған.

Талқылау