Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 миллион доллар": Қорғаныс министрлігі кәсіпкерлер алдындағы қарызын қашан қайтаратынын айтты

Қорғаныс министрлігі  "Әскери құрылыс" компаниясынан 5 миллион долларға жуық қарызын даулаған кәсіпкерлердің шағымына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

Айта кетейік, биыл тамыз айында Астанада қорғаныс министрлігінен қарызын даулаған кәсіпкерлер митингіге шыққан еді. Бір топ кәсіпкер қорғаныс министрлігі жанындағы "Әскери құрылыс" компаниясын "алдап кетті" деп айыптады. Кәсіпкерлер ведомство мердігерлік жұмыстарға 5 миллион долларға жуық ақша төлемегенін айтып шағымданған болатын. 

"Әскери құрылыс" компаниясы қорғаныс министрлігі үшін қызметтер мен тауарларға тапсырма беріп, бірақ оларды атқарған компанияларға келісімде көрсетілген қаражатты бермеген. Кәсіпкерлердің айтуынша, жұмыс үшін уәде етілген сомманы төлемегеніне үш жылдың жүзі болған. 

Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Жангулин мәселенің қалай шешілгенін айтып берді. 

“Министрлік "Әскери құрылыс" АҚ алдындағы міндеттемелерін толыққанды орындаған. Алайда, бұл  "Әскери құрылыс" басшылығына байланысты болған. Қазіргі уақытта ол басшылықтар лауазымдарынан шеттетілді.  Оларға қатысты қылмыстық іс тиісті түрде қозғалды”,- деп түсіндірді Руслан Жангулин. 

Руслан Жангулин кәсіпкерлердің ісін министрлік өз құзырына алғанын жеткізді. 

“Кәсіпкерлерді бей-жай қалдырмас үшін, олардың қарыздарының өтелмей қалмауы үшін нақты жұмыстар жүргізді. Биылғы жылдың өзінде бір миллиард соммасында қарыздар жабылды. Ал қалған қарызды келесі жылы жабуды жоспарлап отырмыз”,-деді министрлік өкілі ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.  

Талқылау