"Кәрістердің амандасу мәдениеті керек": Заттыбек Көпбосынұлы әріптесі Мөлдір Әуелбековамен ерекше амандасты
Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы әріптесі Мөлдір Әуелбековамен ерекше амандасып, жұртты күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Видеода өнер иесі әріптесіне қолын тигізбей, алыстан амандасқанын көруге болады.
“Өткендегі Сәкеннен кейін қорқатын болдық қой?!" – дейді Заттыбек ағам. Пікір оқыған ғой, сонша қорқытқандарыңыз не?! "Ассалаумалейкум" дей салу күшті емес пе? Әлде, еркек пен әйел сүйіскен дұрысырақ па? Қол ұстасып, құшақтаған ба? Қалай өзі? Мәселені шешіп алайық", - деп жазды әнші.
-
"Бала-шаға мен ата-ененің жағдайын жасайды": Мөлдір Әуелбекова ерлер қауымына үндеу жасады
-
"Әлі қара тізімдемін": Мөлдір Әуелбекова өнер жолында кедергілер барын жасырмады
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі беттен сүйісіп амандасқанның ұяты жоқ десе, енді бірі еркек пен әйел қол беріп амандасуға болмайтынын жазып жатыр.
“Әйел мен ерке бірге туған болмаса, құшақтасып, сүйіп, қолдан амандасу әдепсіздікке жатады”, “Мұсылмандарға бөтен әйелмен сүйісіп амандасуға болмайды, харам болып саналады”, “Бізге кәрістердің амандасу мәдениеті керек”, “Қос-қолдап амандасқан дұрыс, беттен сүйген ұнамайды”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Ер әйелдің қолынан ұстамауы керек" деп Мөлдір Әуелбекова әріптесі Сәкен Майғазиевпен ерекше амандасқанын жазған едік.