"Бала-шаға мен ата-ененің жағдайын жасайды": Мөлдір Әуелбекова ерлер қауымына үндеу жасады
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ерлер қауымын әйелдерді жиі қыдыртып тұруға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі әйелдердің үйде отырмай, тірлікпен айналысатынын еске салды.
“Әйел үйде демалмайды. Таңнан кешке дейін үйдің, бала-шағаның, ата-ененің, күйеуінің жағдайын жасайды. Ол зерігеді! Сол себепті, әйелді бір сәт сыртқа серігуге шақыру керек. Ол да демалсын…”, – деп жазды әнші.
-
"2-3 жыл сайын жаңартамыз": Мөлдір Әуелбекова әкесіне көлік сыйлады
-
"Орамалым үшін қатыстырмайды": Мөлдір Әуелбекова сахнадан шеттетілгенін растады
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің сөзін қолдап жатыр.
“Қанша оранып жүрсе де, сұлу болып тұр", Дұрыс айтасыз", "Сыртқа емес, алысқа кетіп, демалу керек", "Мені түсінгеніңе рақмет", "Көз тимесін", "Дұрыс айтасыз", "Киіміңіз өте әдемі", "Не деген сұлулық", – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Әкесіз бала толыққанды болып өспейді" деген пікірмен келіспейтінін айтып, Мөлдір Әуелбекова жалғызбасты аналарға қолдау білдірген еді.