Кәріс халқының тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткердің денесі Қазақстаннан туған жеріне жеткізілетін болды
Корей елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қоғам қайраткері Хон Бом Доның денесі Қазақстаннан туған жеріне жеткізілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, Хон Бом До кәрістердің тәуелсіздігі үшін Жапонияның озбыр саясатымен күрескен генерал. Ол 1937 жылы Сталиннің бұйрығымен Қазақстанға депортацияланып, 1943 жылы қайтыс болған.
Хон Бом Доның халқы үшін сіңірген еңбегін Оңтүстік Корея 1962 жылы мойындап, оны “Халық алдындағы еңбегі үшін” марапатына ұсынған.
1990 жылы Солтүстік Корея қолбасшының денесін өз елдеріне репатриация жасауға өтініш білдірген, алайда Қазақстанда тұратын этникалық кәрістер бұл ұсыныстан бар тартқан. 2019 жылы қоғам қайраткерін туған жерінде жерлеу туралы бастаманы Оңтүстік Корея мемлекетінің президенті Мун Чжэ Ин көтерген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға сапары аясында екі тарап келісімге келіп, Хон Бом Доның денесі репатриацияланатын болды.
Айта кетсек, Тоқаев Корея Республикасына өткен жылы баруы керек еді, бірақ коронавирус пандемиясының салдарынан кездесу кейінге қалдырылған.
Қоғам қайреткерінің денесі Қызылордадағы зираттан келесі аптада туған жеріне жеткізіліп, Тэджондағы ұлттық мазарға жерленбек.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
