Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты іс сотқа жіберілді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәсімов

Бас прокуратура ҰҚК басшыларына қатысты қылмыстық істі зерттей келе тергеу органы таққан айыптау актілерін нақтылады. Қылмыстық іс сотта "аса құпия" белгісімен қаралады. 

Кәсім Мәсімов, Ануар Садықұловтың істері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі "Мемлекетке опасыздық жасау" және 179-бабы 3-бөлігі "ҚР Президентінің өміріне қолсұғушылық", 362-бап 4-бөлігі 3-тармаңы “Ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттігін өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдалану” бойынша жіберілген. 



Д.Е. Ерғожин (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) билікті күшпен басып алғаны (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы).

М.С. Осиповке (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары), Д.М. Акиповқа (ҰҚК департамент бастығының бұрынғы орынбасары) және Н.К. Бекмуратқа (ҰҚК-ның бұрынғы басқарма бастығы) Қылмыстық кодекстің 362-бабының әртүрлі бөліктері бойынша айып тағылған.

Талқылау