Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі желтоқсанға дейін ұзартылды
Кәрім Мәсімов пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша, тергеу соты Мәсімов пен Садықұловты қамауға алу мерзімін 2022 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзартты.
"Д.Е. Ерғожинді қамауда ұстау мерзімі 13.12.2022 жылға дейін, М.С. Осипова - 22.12.2022 жылға дейін ұзартылды. Д.М. Акипов пен Н.К. Бекмұратқа ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Бас прокуратура Кәрім Мәсімоврейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық іс "өте құпия" деп танылды. ҰҚК-нің тергеу тобы Мәсімов, Садықұлов, Ерғожинге қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған