Кардиолог гимнастика мен серуендеудің гипертонияға әсері туралы айтты
Гипертониямен ауыратын адамдар күніне кемінде жарты сағат серуендеп, гимнастикамен айналысуы керек. Бұл туралы Ресей ФМБА Федералды ғылыми-клиникалық орталығының кардиологиялық орталығының жетекшісі Дэвид Дундуа айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, ол гипертониямен ауыратын адам стрессті жеңуге және тұтынылатын тұздың мөлшерін бақылауға, алкоголь ішпеуге және темекі шекпеуге үйренуі керек екенін атап өтті.
Маманның сөзіне қарағанда, артериялық гипертензия ұйқының болмауы, стресс, үнемі бір орында отыру өмір салты, бүйрек аурулары, қабынуға қарсы және гормоналды препараттарды жүйесіз қабылдауға байланысты туындайды.
Ауруды анықтау өте қиын, ол үшін үйде тонометр болуы керек.
"Артериялық гипертензияға күдік туғызатын айқын белгілер жоқ", - деп қорытындылады Дундуа.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ