Қарасай ауданында жыл басынан бері төрт мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелген - БАҚ
Алматы облысының Қарасай ауданында тағы бір оқушының өз-өзіне қол жұмсау жағдайы тіркелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Пятый регион сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Тұрар ауылында болған. 16 жастағы оқушы үйіне келіп, екі сағаттан кейін асылып қалған күйі табылғаны айтылады.
“Аталған факт ҚР ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша ЕРДТ-да тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деп мәлімдеген Алматы облыстық полиция департаменті.
- "Жігітім алдап кетті": Өз-өзіне пышақ сұғуға әрекеттенген жүкті келіншектің оқиғасы жұртты шошытты
- Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған екі қызды зорлаған күдікті өз-өзіне қол жұмсады
Басылымның жазуынша, бұл ауданда жыл басынан бері оқушылардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы төртінші рет тіркеліп отыр. Бұл қайғылы оқиғалардың арасындағы байланыс әзірге белгісіз.
Пятый регион редакциясы 2023 жылдың қаңтары мен наурыз айының соңына дейін 18 жасқа толмаған балалардың өз-өзіне қол жұмсау фактілері туралы ақпарат беруді сұрап, Алматы облыстық полиция департаментіне сұрау жолдаған. Алайда әзірге жауап келмеген.