Соңғы жаңалықтар

Карантинде теннис ойнаған банкирге сот үкімі шықты

Көкшетауда банкир теннис ойнағаны үшін қамауға алынды. Ұлттық банктің Ақмола облысындағы филиалдың директоры Виталий Чеусовті төтенше жағдайда карантинді бұзғаны үшін әкімшілік сот үш күнге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Теннис ойнаймын деп елде дау-дамай тудырған  Виталий Чеусов ғимарат ішіндегі ұжымдық кездесудің ұйымдастырушысы болған. Стол теннисіне жиналған қол астындағы 8 адам бетпердесіз болған. Және де банкир банктің жұмысын бір жарым сағатқа ерте аяқтаған. Оған тапсырылған жауапты лауазымын елеместен, қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндірген деді судья. Әкімшілік құқықты бұзғаны үшін сот Виталий Чеусовты үш күнге қамауға алу туралы үкім шығарды. Алайда банкир, бұл үкіммен келіспеді

"Бұл маған қасақана қарсы жасалған қастандық. Банктен қызметтен кеткендердің аяқтан шалуы. Олар қарамағымдағы қызметкерлерден ақпарат алған болып отыр. Әйтпесе рейд кезінде комиссия банктің қай бұрышында жиналғанымызды қайдан білді? Олар бірден сол залға кіріп келді", - деді Виталий Чеусов, Ұлттық банктің Ақмола филиалы директоры.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр