Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдинаның бала күнгі суреті жұртты сүйсіндірді (фото)

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Жаңа жылды отбасымен бірге еліміздің әсем шахары Бурабайда қарсы алды. Ол күйеуі Қыдырәлі Болмановпен және ұлдарымен бірге отбасылық фотосессия жасап, инста-оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

Коллаж Stan.kz

Қарақат 2017 жылы жеткен жетістіктерін жіпке тізді.

“Біз үшін /2017/ Тауық жылы елеулі оқиғаларға толы, жақсы жыл болды. Үлкен отбасымызбен әлемнің бірқатар (Америка,Германия т.б ) елдерін концертімізбен аралап, елордамыз Астанада “Ұлытау Ұлы”деген атпен үлкен концертімізді бердік. Алматыдан “Қарақат мектеп студиясын” аштық, “Қарақат event орталығы” ашылды, Қыдекең “Бал-бала” оқу әдістемелік құралы бойынша ғылыми диссертациясын қорғады, балалар үшін тұңғыш қазақы этно-батут жасалынды”, – деген Әбілдина 2017 жылдағы басты жетістігі қызды болғанын атап өтті.

Жыл басын әсем Бурабайда қарсы алған әнші отбасылық суреттерін жариялады. Алайда ол жерден желі оқырмандары Аяланы көре алмады. Есесіне Қарақат бала күнгі суретін жариялап, жұртты “жұбатты”.

Көпшілік бала Қарақаттың сүйкімді болғанын айтып, үшінші ұлы Айсұлтанның анасына ұқсағанын айтып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

2017 жылы атағы аспандап, сәтсіздікке ұшыраған танымал жұлдыздар (фото)

Сахнада тұрып кешірім сұраған Төреғалиді халық қолдап, қошемет көрсетті (видео)

Ернар Айдар науқас жігітке сыйлық жасады (видео)

Балжан Бидаш “КешYou-дің қыздары бұзылған” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау