Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сахнада тұрып кешірім сұраған Төреғалиді халық қолдап, қошемет көрсетті (видео)

2017 жылды дау-дамаймен аяқтаған Төреғали Төреәліні сахнадағы ерсі әрекеті үшін сынап жатқандар әлі де баршылық. Алайда өткен аптамен салыстырғанда Төреғали дауы біраз саябырсыды. Тіпті, оны сахна төрінен көрген халық Төреғалиға қолдау көрсетіп, қошеметін аямауда, деп хабарлайды Stan.kz.

30 желтоқсан күні Төреғали Алматыда өткен жылдың қорытынды айтысына қатысты. Ол залда отырған көрерменнің алдында Павлодардағы оқиға үшін тағы бір мәрте кешірім сұрады.

“Сынап та, сыбап та алып жатсыздар. Ол мен үшін жігерлендіру болды. Сіздердей қолдайтын халқым, қорғайтын Алла барда мен еңсемді тіктеп ұстап жүрмеуге ешқандай хақым жоқ деп ойлаймын, ағайын! Қазақта: “Өзінің туған жерінің тасына сүрінгенімен, ер жігттің аяғы ақсамайды” деген сөз бар. Мұның бәрі мен үшін үлкен сабақ болды. Бұлттан биік болсам да, ұлттан биік емеспін, ағайын! Кем-кетігім болса еркелігім деп, балалығым болса шалалығым деп қабылдарсыздар. Мен сіздерді жақсы көремін”, – деген Төреғалидің сөзіне халық қол шапалақтап, қолдау көрсетті.

Елдің қошеметінен кейін өзін сенімді сезіне бастаған Төреш: “Кешіріңіздер. Бірақ кешіріп қойған сияқтысыздар”, – деп күлді.

“Жаным, ағайын, мен сіздерді қатты жақсы көремін. Оны сөзбен растап, ақталмай-ақ, жүректеріңіз сезеді деп ойлаймын. Тағы да ән сұрап отырғандарыңыздан айналайын”, – деп сөзін жалғаған Төреғали бұдан кейін “Ақиқат” атты авторлық әнін шырқады.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар науқас жігітке сыйлық жасады (видео)

Балжан Бидаш “КешYou-дің қыздары бұзылған” деп сынағандарға жауап берді

Ерке Есмахан өзін ренжіткен адамның жазаланғанын айтты

Қайрат Нұртастың жұбайы енесі туралы бар шындықты жайып салды

Талқылау