Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақалпақстанда қазақстандықтарға арналған жедел штаб құрылды

Өзбекстанда төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты Қарақалпақстаннан шыға алмай қалған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Өзбекстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қарақалпақстан Республикасында орналасқан Қазақстан Республикасының азаматтарына көмек көрсету мәселелерін шешу үшін жедел штаб құрылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтары мына телефондар арқылы хабарласа алады: +9989 61 2248206, +9989 93 858644. Телефондар аптасына 7 күн, тәулік бойы жұмыс істейді.



Естеріңізге сала кетейік, 2 шілдеде Қарақалпақстандағы халық толқуларынан кейін ҚР ҰҚК Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы "Дәуіт-ата – Тәжен" адамдарды, көліктер мен тауарларды өткізу пунктінің жабылатынын хабарлаған болатын. Бұл шектеулер Қарақалпақстанда 3 шілдеден 2 тамызға дейін созылатын төтенше жағдайға байланысты енгізілген.

Еске салсақ, 1 шілдеде жергілікті билік Қарақалпақстандағы жағдай тұрақтанғанын хабарлады.

Наразылық шерулері 1 шілдеде үкімет референдумда аймақтың егемендігі мен Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығынан айыратын жаңа конституция жобасын ұсынғаннан кейін басталды.

Кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанды автономиядан айыру жөніндегі бастапқы жоспарларынан бас тартты.

Талқылау