Қарағандылықтар Жеңіс күні құрметіне ретро көліктермен шерулетті (фото)
Соғыс кезі мен соғыстан кейінгі жылдарда қызмет атқарған көліктер бүгін Қарағандыдағы орталық саябақта тоғысты.
Фото: Дархан Мусин
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
“Бұл америкалық машина. Ол 1943 жылы Кеңес әскері қатарында қолданылған. Соғыстан кейін де ондаған жылдар жүріп тұрған. Оның өн бойынан тарихтың иісі аңқиды. Мен оны 3 жыл бойы жөндеп, қалпына келтірдім. Моторы өзінікі. Қажетті бөлшектерін АҚШ-тан алдырдым”, – деді автокөлік иесі Сергей Литвинов.
Мұндай керемет көліктерді көруге жүздеген қарағандылықтар келген. Толығырақ суреттерден қарап, көздеріңізді тойдырыңыздар.
Оқи отырыңыз:
Нұрсұлтан Назарбаев мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, тағзым етті
Астаналық ардагерлерге Жеңіс күніне 500 мың теңгеден бөлінді
Павлодар облысының әкімі аттан құлап жарақат алды
Көкшетау имамы өзіне сыйлаған көлікті мешіттегі тазалықшы әйелге берді
Талқылау