Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептерде бизнес жүргізуді үйрететін жаңа пән енгізілді

Қарағандыда №93 гимназияда «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» аталатын жаңа пән таныстырылды. Жаңа пән 2018-2019 жылдары мектеп бағдарламасына элективті курс ретінде түпкілікті түрде енгізіледі, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі мемлекет бойынша жаңа пән тәжірибе ретінде енгізілетін 17 пилотты мектепті анықтады. Қазіргі уақытта жаңа пән мақұлданып жатыр. Алдағы уақытта анықталған кемшіліктері түзетілетін болады.

Жаңа пән ойлап табу туралы ұсыныс 18 қарзан күні Қарағандыда өткен өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің отырысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев тарапынан жасалған.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері Қарағанды қаласындағы №93 гимназияның 10-сынып оқушыларына  «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәнінің алғашқы кіріспе курсын өткізді.

«Бүгінгі уақытта палата қандай да бір істі қолға алған бизнесмендерді қолдап қана қоймай, жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға белсенді түрде көмектесуде. Қазір 23 мектепте бизнес-мектеп ашылған. Мұғалімдер жаңа пәнді игерді», – дейді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының  адами капитал бөлімінің басшысы Қарлығаш Оспанова.

Интерактивті бағдарлама геймификация және бизнес-кейстерді оқу, «мем-ойындар», бизнес жобалар әдістеріне негізделген. Сонымен қатар теория жүзінде алған білімін бекіту үшін, бизнес нысандарды аралау жоспарланған.

Оқи отырыңыз:

Астананың 20 жылдығына орай «Алланың гүлі» аталатын мешіт салынып жатыр (фото, видео)

«Есек мінген ханзада»: Желіде қазақ ауылдарының бірінде өткен тойда түсірілген қызықты видео пайда болды

Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі жұмыс уақытында банкет жасап, қарамағындағыларға ыдыс жуғызған

Алматыда қаңғыбас 10 баланы өртеніп жатқан үйден алып шықты (видео)

Талқылау