Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Есек мінген ханзада»: Желіде қазақ ауылдарының бірінде өткен тойда түсірілген қызықты видео пайда болды

Желіде ауылдағы тойда түсірілген қызықты  видеожазба пайда болды. Той Алматы облысындағы ауылдардың бірінде өткен болуы мүмкін, – деп хабарлайды Stan.kz.

Видеожазба Instagram желісіндегі Dubmash_kaz парақшасында жарияланған.

Видеожазбаға қарағанда, күйеужігіт қалыңдығын алып кету үшін, есек жегілген арбамен келген. Ал арбаны түрлі шарлармен, таспамен әсемдеген. Күйеужігіт ескі креслодан жасалған «тақ» үстінде отыр.

 

Отметь подруг которым нужен такой принц😘😄👇

Публикация от ВИДЕО на WhatsApp (@dubsmash_kaz)

Кадр сыртында қалыңдық туыстарының күліп жатқаны байқалады. Видеожазбаны екі күн ішінде 200 мыңнан астам адам көрген.

Пікір қалдырған қолданушылардың сөзінше, той Алматы облысы Еңбекшықазақ ауданы Ташкенсаз ауылында өткен.

Видеожазбаға қатысты қолданушылар пікірі екіге жарылды. Көпшілігі күйеужігіттің креативті әдісін қолдаса, кейбірі оған «Есек мінген ханзада» деген ат берді.

Оқи отырыңыз:

Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі жұмыс уақытында банкет жасап, қарамағындағыларға ыдыс жуғызған

Алматыда қаңғыбас 10 баланы өртеніп жатқан үйден алып шықты (видео)

Ғаламторда КТК тележүргізушісінің киімі қызу талқыға түсті (фото)

Қанша балаға көмек керек: Аружан Саин Парижден пәтер алған шенеуніктің есімін атауды талап етті

Талқылау