Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қаңғыбас 10 баланы өртеніп жатқан үйден алып шықты (видео)

Алматыда көше кезіп жүрген қаңғыбас 10 баланы өрттен аман алып қалды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қараша күні Алматы қаласы Алмалы ауданы Мұқанов көшесіндегі жеке үйлердің бірінде өрт шыққаны хабарланған еді.

Ер адамның сөзінше, өртеніп жатқан үйді көрген ол бірден үйге еніп, балаларды сыртқа алып шыға бастаған. Өртке оранған үйде 10 бала болған екен. Олардың үлкені 1-сыныпта оқиды. Ал өзгелері кішірек. Тіпті, ішінде сәби де болған екен. Балалардың үстінде қалың қиым болмағандықтан, қаңғыбас үстіндегі күртесін шешіп беріп, балалардың біріне берген. Оның айтуынша, бұл үйде 6 отбасы тұрады екен.

Ер адам балаларды көшеге шығарғаннан кейін, көрші үйден шыққан әйел балаларды өз үйіне кіргізуін сұраған.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндіру қызметі қызыл жалынды ауыздықтаған.

Оқи отырыңыз:

Ғаламторда КТК тележүргізушісінің киімі қызу талқыға түсті (фото)

Қанша балаға көмек керек: Аружан Саин Парижден пәтер алған шенеуніктің есімін атауды талап етті

Ұлттық банк төрағалары туралы әзіл аралас жұмбақ желіде тарап кетті

Көкшетауда жезөкше клиентінің бар ақшасын тонап кеткен

Талқылау