Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астананың 20 жылдығына орай «Алланың гүлі» аталатын мешіт салынып жатыр (фото, видео)

Астанада «Алланың гүлі» атауымен екі қабатты мешіт салынып жатыр. Жаңа мешіт Астананың оң жағалауындағы Сарыарқа ауданында С409 көшесі аумағында бой көтереді. Ғимаратқа бір мезгілде 300 адам сыяды.

Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.

Ғимарат сәулетшісі – Сағындық Жанболатов. Бұл мешіттің жобасы еліміздегі басқа мешіттерден бөлек болмақ. Жанболатов – Қазақстанда тұрғызылған бірнеше мешіт жобасының авторы. Осы жолы автор дәстүрден алыстап, мешітті заманауи символизм және авангард стилінде тұрғызбақ. Бұған дейін Сағындық Жанболатовтың жобасымен Астанадағы «Хазірет Сұлтан» мешіті бой көтерген.

Мешіт құрылысы 2017 жылдың соңында аяқталуы тиіс. Болжам бойынша, мешіт ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

Жаңа мешіттің құрылымы дін талаптарына қайшы келмейді. Осы тәрізді нысандар Малайзия, Германия мемлекеттерінде бар.

Егер төбесінен қараса, жаңа мешіт гүлге немесе гаухар тасқа ұқсайды. Мешіттің іші, ішінің сәні де келуішілерді таңдандыратыны анық.

Нысан құрылысына тапсырыс беруші «ҚР Мұсылмандары діни басқармасы» болып табылады. Мешіт салынып жатқан аумақ 1,4 гектарды құрайды. Ал ғимараттың аумағы 2 мың шаршы метр.

Оқи отырыңыз:

«Есек мінген ханзада»: Желіде қазақ ауылдарының бірінде өткен тойда түсірілген қызықты видео пайда болды

Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі жұмыс уақытында банкет жасап, қарамағындағыларға ыдыс жуғызған

Алматыда қаңғыбас 10 баланы өртеніп жатқан үйден алып шықты (видео)

Ғаламторда КТК тележүргізушісінің киімі қызу талқыға түсті (фото)

Талқылау