Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ боксшысынан жеңілген өзбекстандық Мадримов әлемнің ең мықты боксшысымен жұдырықтасады

2019 жылы Азия чемпионатында Тұрсынбай Құлахметтен ұтылып қалған өзбекстандық Исраил Мадримов әлемнің ең үздік боксшысы саналатын Теренс Кроуфордқа қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Екі салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) бірінші орта салмақта WBA чемпионы өзбекстандық Исраил Мадримовке (10-0-1, 7 KO) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл жекпе-жек 3 тамыз Лос-Анджелесте өтетін бокс кешінің басты кездесуі болмақ. Жекпе-жекте WBO титулы мен Мадримовтың WBA белбеуі сарапқа салынады. Қос спортшы алғашқы көз түйістіру рәсімін жасап үлгерді. 

Айта кетейік, Исраил Мадримов соңғы жекпе-жегінде ресейлік Магомед Курбановты бесінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA титулын жеңіп алса, Теренс Кроуфорд 2023 жылы отандасы Эррол Спенсті нокаутпен жеңген еді. Сөйтіп бірінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанған болатын.

Талқылау