Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағдат Мусиннің орнына цифрлық даму министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Жаслан Мәдиев Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Жаслан Хасенұлы Мәдиев 1983 жылы 13 маусымда дүниеге келген. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "әлемдік экономика және халықаралық қаржы" мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Нью-Йоркте Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін, Массачусетс технологиялық институтын, Слоун бизнес мектебін тәмамдаған. Мамандығы – экономикалық саясатты басқару.

Еңбек өтілі:

2004-2006 жылдары "Альянс Банк" АҚ-та маман, жетекші маман, бас маман, борышкерлік құнды қағаздар бөлімінің басшысы.

2007 жылы Лондон қаласындағы "Morgan Stanley" инвестициялық банктің құнды қағаздар және облигациялар сату департаментінде қызмет еткен.

2007-2008 жылдары "Қазына"тұрақты даму қоры" АҚ-ның корпоративтік қаржылар департаменті бас менеджері.

2008 жылы ҚР Президенті әкімшілігі стратегиялық әзірлемелер және сараптама орталығының сарапшысы.  



2008-2009 жылдары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, қазынашылық департаменті директоры.

2009-2010 жылдары "Kazyna Capital Management" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары "Ұлар-Үміт" ЖЗҚ, "Жетісу" АҚ  директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

2010-2014 жылдары "Қазақстан Даму Банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2014-2015 жылдары Ұлттық банктің монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі директорының орынбасары.

2014-2015 жылдары "Ұлттық Инвестициялық Корпорация" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 

2016 жылы ҚР премьер-министрінің, ҚР премьер-министрі кеңсесінің кеңесшісі. 

2017-2019 жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның қаржы жөніндегі вице-президенті.

2019 жылғы 9 маусым сәуірінен Қазақстанның Экономика вице-министрі.

Еске салайық, 30 сәуір күні Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылған еді. Содан кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған еді. 

Талқылау