Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі жұмыс уақытында банкет жасап, қарамағындағыларға ыдыс жуғызған

Сенбі, 18 Қараша , 2017 18:19

Этика жөніндегі кеңесте Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдік аппаратының басқарушысы Ержан Мұстафинге қатысты тәртіптік іс қаралды. Ол қарамағындағыларға ауыл әкімі үшін жалақы сақталмаған еңбек демалысын  беру туралы бұйрық дайындап, өтіп кеткен уақыт бойынша тіркемек болған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, мұндай шұғыл еңбек демалысы ауыл әкіміне керек болған. Жергілікті тұрғындар оның жұмыс уақытында ішімдік ішкеніне куә болған екен.

31 тамызда әкімнің ауылдастары СҚО әкімдігі аппаратының сенім телефонына хабарласып, Талапкер ауылының маңындағы орманда киіз үй құрылып, Есіл ауданындағы мемлекеттік қызмкеткерлерідің ішімдік ішкендігі жөнінде айтқан.

Ауылға жеткен комиссия киіз үй ішінде ішімдік ішкен Амангелді ауылының әкімі Дәурен Шәкеновтің үстінен түсіп қана қоймай, ыдыс жуып жүрген әкімдік аппаратының қызметкерлерін көрген. Шенеунік ішімдік ішкенін және еңбек демалысында еместігін мойындаған. Алайда әлдекімге телефон шалғаннан кейін, бір күнге еңбек демалысын алғанын айтқан.

Дәурен Шәкеновке қатысты тәртіптік іс қозғалмаған. Себебі ол уақытта Шәкенов әкім қызметін атқарып отырған. Әлі күнге дейін оған қатысты арнайы тексеру жұмыстары жүргізілмеген екен. Бұл жолы Есіл ауданы әкімдік аппаратының басқарушысы Ержан Мұстафинге жауап беруге тура келді. Ол қоластындағыларға Дәурен Шәкенов үшін 31 тамызда еңбек демалысын алғаны көрсетілген жалған құжат дайындатқан.

Ержан Мұстафин әріптесін ақтап алуға тырысты. Айтуынша, Шәкеновтің 29 тамыз күні арыз жазғанын ұмытып кеткен екен-мыс.

Этика жөніндегі кеңес төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басқарушысы Ғалым Тұрсынбаевтың пікірінше, аталған дерек шенеуніктің әрекетін ақтай алмайды.

«Ауыл әкімі қызмет көлігін және қоластындағылардың еңбегін өзінің жеке мақсатында қолданған. Оларды ыдыс жуып, киіз үй жинауға мәжбүрлеген. Мұның өзі ауыл әкімінің мінез-құлқын аңғартып тұр. Сенесіздер ме, жұмыс уақытында ауылдық әкімдік аппараттың бірде-бір қызметкері жұмыс орнында болмаған» , – дейді Ғалым Тұрсынбаев.

Этика жөніндегі кеңес мүшелері келесі отырыста Дәурен Шәкенов пен Есіл ауданының әкімі Ержан Мұстафиннің өзін тыңдап көруді ұсынды.

Оқи отырыңыз:

Алматыда қаңғыбас 10 баланы өртеніп жатқан үйден алып шықты (видео)

Ғаламторда КТК тележүргізушісінің киімі қызу талқыға түсті (фото)

Қанша балаға көмек керек: Аружан Саин Парижден пәтер алған шенеуніктің есімін атауды талап етті

Ұлттық банк төрағалары туралы әзіл аралас жұмбақ желіде тарап кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар