AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жүргізуші өз әйелі мен қызын қағып кеткені анықталды

Қарағанды облысында Тоғызқұдық аулының маңында жол-көлік оқиғасы орын алып, анасы мен қызы көлік астына түсті. Анықталғандай, рөлдегі жүргізуші отағасы болып шықты. Оқиға салдарынан әйелі тіл тартпай кетіп, қызы комада жатыр.

Қарағандыда жүргізуші өз әйелі мен қызын қағып кеткені анықталды

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты түнде орын алған. Көлікті тізгіндеген Тоғызқұдық аулының 42 жастағы тұрғыны үйіне қайтып бара жатқан. Осы кезде оның әйелі мен қызы жол бойында кетіп бара жатыпты. Полицейлер олардың түн жарымында жолда не істеп жүргенін мәлімдемеді.

Ал бейресми мәліметке сәйкес, бүкіл отбасы қонақтан қайтып келе жатқан. Көлікті отағасының немере інісі тізгіндепті. Сол кезде мас болған ер адам ашуланып, бәрін көліктен қуып шыққан. Әйелі мен қызы көліктен шығып, алға қарай жүре берген. Осы кезде жүргізуші байқамай оларды қағып кетіпті. Апат кезінде көліктің жылдамдығы қандай болғаны әзірге белгісіз.

Салдарынан әйел жедел жәрдем бригадасы келгенше көз жұмды. Ал 7 жасар қыз ауруханаға жеткізілді.

«Бала комаға түскен. Оған жасанды тыныс беру аппараты қосылған. Миы қатты зақымданған. Әзірге дәрігерлер ешқандай болжам бере алмайды», – дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Оқиға ҚР ҚК 345-бабына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес тергеліп жатыр. Ер адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында анасы мен қызын көлік қағып кеткенін хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр