Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қарағанды облысында анасы мен қызын көлік қағып кетті
Қарағанды облысында анасы мен қызын көлік қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға 12 қарашада Бұхар Жырау ауданындағы Қарағанды-Тоғызқұдық автожолында орын алған. «Нива-Шевроле» көлігінің 42 жастағы жүргізушісі 36 жастағы әйел мен 7 жасар қызды қағып кетті.
ЖКО салдарынан әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал қызы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тергеу амалдары басталды.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?