Қарағандыда Виктор Цойға ескерткіш тұрғызылмақ
Қарағанды қаласында белгілі рок-музыкант Виктор Цойға арналып ескерткіш тұрғызылмақ.
Бұл туралы “Интерфакс” хабарлайды.
Қала билігі мен қоғамдық қор арасында Олимпийской көшесіндегі сквер құрылысы жобасын жүзеге асыруға байланысты меморондумға қол қойылған.
“Бұл жобаның финалдық бөлігі белгілі әнші, музыкант, актер Виктор Цойға ескерткіш орнату”, – делінген баспасөз хабарламасында.
“Маған Қарағандыдан хабарласп, ескерткіштің ашылу салтанатына келуімді сұрады. Білмеймін бара алмайтын шығармын, алыс”, – дейді музыканттың әкесі Роберт Цой.
Оның айтуынша, оның ұлын Қазақстандағы қаламен еш нәрсе байланыстырмаған. “Ол Қарағандыда мүлде болмаған, тек жақын болған соң Алматыда болды”, – дейді Роберт Цой.
Ақпан айында режиссер Кирилл Серебренниковтың музыкант туралы фильм түсіретіні хабарланған еді. Әртістің әкесі бұл идеяны да сынға алған.
Виктор Цой – “Кино” тобының негізін салушы, әншісі. Ол 1990 жылы 28 жасында жол апатынан көз жұмған.
Оқи отырыңыз:
Бала Төреғалидың биін тамашалағандар күлкіге қарық болды (видео)
Нұргүл Асанова «Қазақ аруы-2017» атанды (фото)
Анасына ән арнаған Мақпал Жүнісованың қызы көпшілікті тәнті етті (видео)