Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда тайғанақ еденге құлап түскен әйел сауда үйінен өтемақы өндіріп алды

Сауда үйінің ішіндегі тайғанақ еденге құлап, қолын сындырған қарағандылық әйел сот арқылы өтемақы алатын болды.

img_2332_1

Майқұдықтағы Восток-2 ықшамауданында орналасқан “Әнуар” сайда үйінен шығып бара жатқан қалалық аурухана дәрігері жаңа ғана жуылған тайғанақ еденге құлап түскен.

Дене жарақатын алған әйел бірден ауруханаға жатқызылады. Ол ұзақ уақыт бойы ем қабылдауға мәжбүр болған.

“Зардап шегуші Октябрь аудандық сотына шағым түсіріп, сауда үйінің басшылығынан материалдық және моральдық шығын талап етті”, – делінген облыстық соттың хабарламасында.

Емдеуге кеткен материалдық шығын барлығы 600 теңгені құрапты. Алайда дәрігер моральдық өтемақы ретінде сауда үйінен 500 мың теңге талап еткен. Сотта ол бір жарым ай гипс кигенін, сол себепті қозғалыстан шектелгенін, жұмысқа шыға алмағанын, қолының ауруы мазалағанын айтыпты.

Ол сондай-ақ, өзіне жарасымды киімдерді де қолындағы гипске байланысты кие алмағанын жеткізіпті. Сол себепті кең көйлектер киіп, өзін қолайсыз сезінген. Ал еден жуушы әйел болса еденді жуып болған соң, кілем төсеп, “абайлаңыз, еден ылғал” деп жазып қойғанын айтыпты.

“Сот шағымды ішінара қанағаттандырды. Сауда үйі материалдық шығын ретінде 600 теңге, моральдық шығын ретінде 80 мың теңге төлеуге міндеттелді. Жауап берушілер бұл шешіммен келіскен жоқ. Алайда істі қайта қарай кезінде тараптар өзара татуласып, ымыраға келді. Шағым түсіруші материалдық және моральдық өтемақыны талап етуден бас тартты. Өз кезегінде сауда үйі оған 50 мың теңге төлеуге міндетті”, – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Қазақ күйлерін домбырада еркін ойнаған жапон жігіті тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Тәңірберген Бердоңғаров Әбу Даби Плазадағы үнділер тұратын жатақхананы көрсетті (видео)

Қарағанды облысында үйден қашып кеткен ғашықтар табылды

Ақтауда кішкентай қызды педофилден құтқарып қалған балаға велосипед тарту етілді

Талқылау