Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда көрші пәтерде тұтанған өрттен 3 адам мерт болды

 

Қарағандыда көпқабатты үйде өрт шығып, 3 адам көз жұмды. Түтінге тұншыққан тағы екеуі ес-түссіз ауруханада жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

караганды орт

Өрт екінші қабатта орналасқан пәтерден түнгі сағат 1-лер шамасында тұтаныпты. Сөйтіп лезде қою түтін жоғары көтерілген. Байқағандары шырт ұйқыда жатқандарды оятып далаға қашыпты. Бірақ жоғарғы қабаттағы екі пәтерде ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен 23 жастағы қыз түтінге тұншығып жан тапсырған. Құтқарушылар тағы бір пәтерден естерінен танған 43 жастағы әйел мен оның ұлын шығарыпты. Олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Болжам бойынша, өрт шыққан пәтерде ешкім болмаған.

«Бір бала әпкесін құтқарғысы келіп жүрді. Бірақ ол өліп қалған екен. Досым екеуміз құтқарушыларға денелерді алып түсуге және түтінге қақалып жатқандарды далаға шығаруға жәрдем бердік. Тұрғындар қатты шошып қалған», – дейді оқиға куәгері Алексей Дрожжин.

Оқи отырыңыз:

Степногорда зейнеткер әжей үшінші қабаттан секіріп кетті

Маңғыстау облысында белгісіз бір топ қарулы адам бүтіндей бір отбасына оқ жаудырған

Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Талқылау