Қарағандыда балабақша тәрбиешісі киллер жалдау үшін күйеуінен 8 мың доллар ұрлап алған
Қарағандыдағы “Бәйтерек” балабақшасының тәрбиешісі өзінің күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған.
Бұл туралы сот залына барған Айнұр Балакешова есімді желі қолданушысы өз парақшасында жазады. Айтуынша, Марат есімді ер адам оқиға туралы жылап тұрып айтып берген.
“Біз өзге қазақстандық отбасылар секілді тұрдық – үй салдық, жұмыс істедік. Жағдайымыз жақсы болды. Мен автокөлік саудасымен, сантехникалық қызмет көрсетумен айналысамын және газда да жұмыс істеймін. Бізде үйде ақша қол жететін жерде жатады. Бір күні мен үйден 8 мың долларымды таппай қалдым. Әйелімнен, балаларымнан сұрасам білмейміз дейді. Үйді, гаражды тінтіп таппаған соң сатқан көліктерімнің бірінде қалдырған шығармын деп ойладым. Әйелім ондай деп ойламадым. Бір күні ол жүкті болды. Мен одан түсік жасамауын сұрадым. Біздің үш баламыз бар, үлкен отбасы – бұл керемет емес пе. Ол тыңдамады, сосын мен “егер түсік жасайтын болсаң, онда оны өзімнің балам деп есептемеймін” дедім. Бірақ, ол ақыры өз дегенін жасады”, – деп айтқан Марат.
Ол Қарағандының орталық көшесімен кетіп бара жатқан кезде, полиция қызметкері тоқтатқан.
“Олар мені теміржол бекеті аумағындағы бөлімшеге алып барып, әйелімнің мені өлтіру үшін киллер жалдағанын, оған 8 мың доллар төлегенін айтты. Бұл менің жоғалтқан ақшам ғой. Өз ақшама өзімді өлтіртпекші. Мен сенбедім. Мүмкін әзіл шығар дедім. Алайда полицейлер бәрінің шын екенін айтып, әйелім мен киллер арасындағы диалогтың аудиожазбасын қосты. Тек менің отбасым ғана көре алатын суретімді көрсетті. Менің жанымды ең қинағаны әйелімнің киллерден дәлел ретінде менің мәйітімді көрсетуді сұрағаны”, – дейді зардап шегуші Марат есімді ер адам.
Айтуынша, полицейлермен кездеспес бұрын оған бір ер адам хабарласып, дөрекі түрде кездесуді ұсынған. Бейтаныс адам газ бойынша сөйлесді сылтауратыпты. Алайда Марат әлденеден күдіктеніп, бармаған. Екінші рет хабарласып, сантехникалық қызмет үшін 200 мың теңге төлейтінін айтқан. Бұл тым үлкен көлемдегі ақша болғандықтан, Марат сенімсіздік танытып бармайды.
Ал Мараттың әйелі Кристинаның балабақшадағы әріптесі Лариса Полищук оның “өлім жоспарын” білген. “Білген кезде көзіме жас үйіріліп, не айтарымды, не істерімді білмей қалдым” дейді ол. Ал судья болса, біле тұра әрекетсіздік жасағаны үшін оны айыптады. Алайда Кристина артынша “бұл әзіл” деп жуып-шайған екен.
Ал Кристинаның көңілдесі де айыпталушылар орындығында отыр. Колониядан жақында ғана шыққан ол, сірә, қайтадан отыратын секілді.
Оқи отырыңыз:
Педофилді соққыға жыққан сержант бостандыққа шықты
Мысырда ұсталған 6 қазақстандықтың тағдыры әлі күнге белгісіз
Қазақстандық келіншек өз еркімен күйеуіне тоқал іздеп жүр
Оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен дін қызметкері сотталды