Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 16 жастағы бала автобустан қуылғаннан кейін жансақтау бөліміне түсті

Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім автобустан қуылып, артынша аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Автобус кондукторы оқушының мүгедек екеніне және оның әлеуметтік билетінің шынайылығына сенбеген. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар өңірде жиі қайталанатын болған.

karagandy-malchik2

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Мінезі ұяң әрі көп сөйлемейтін Ақжол Смағұлов диабет ауруымен ауырады, ол күніне инсулиннің 8 инъекциясын қабылдайды. Екінші топтағы мүгедек қанша қиын болса да колледжде білім алып жүр. Оқуға әлеуметтік билеті арқылы барып келеді. Алайда дәл осы факт автобус кондукторының ашуына тиген. Әйел билеттің жасанды екенін мәлімдеген. Ол айқайға салып, ақырында студентті автобустан қуып шыққан. Одан кейін Ақжолдың қанындағы қанттың мөлшері ұлғайып, ол аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

«Ол жерде болған адамдардың барлығы төлейін деп ұсыныс білдірген. Алайда ол шық та шық деп қоймады. Неге бұлай істейді? Ал егер ол сол жерде өліп кетсе ше? Қазір ешкім ешкімге қарамайтын заман. Жансақтау бөліміне түскен кезде дәрігерлер бұл жағдай диабеттен емес күйзелістен болғанын айтты», – дейді Ақжолдың анасы Салима Смағұлова.

Болған жағдайдан хабардар болғаннан кейін Салима Смағұлова автопаркке шағым түсірген. Ол жақтағылар кінәліні тез-ақ тапқан. Арнайы комиссиия құрылып, онда жанжалды шығарған Гүлнар Балтабаева шақыртылған.

«Мен де ет пен сүйектен жаралған тірі адаммын. Бұл мен өз-өзімді ұстай алмаған бірінші жағдай. Әйел менің билетті жұлып алып тұрғанымды көрсеткендіктен өзімді ұстай алмадым. Осылайша жүйкем сыр берді», – дейді кондуктор Гүлнар Балтабаева.

Гүлнар Балтабаева бұл жағдайда өзін басқа біреумен шатастырып отыр деп сендірді. Айтуынша, ол 20 жылдан бері автопаркте жұмыс істейді және әлеуметтік билеті бар адамдармен байланыспауға тырысады. Ал автопарк басшылығы бұл жағдайға байланысты, тіпті, жауап бергісі келмейді.

«Оны жұмыстан шығарып жібердік. Комиссия құрылды, әрине расталды. Жайдан жай ештеңе болмайды», – дейді Қарағандыдағы №3 автопарк директоры Артур Григорян.

Бұл ретте Салима Смағұлова өз ұлын Гүлнар Балтабаеваның ренжіткеніне сенімді. Әзірге қапаланған ана одан тек кешірім талап етіп отыр. Кері жағдайда ол сот арқылы моральдық өтемақы талап етпек.

Жіберіп алмаңыз:

Сағадиев ҰБТ сұрақтарына Есентаеваның есімі не үшін қажет болғанын түсіндірді

Көріпкел семейлік келіншектің сәбиді суға ағызбағанын айтты

Түрме қызметкерлері жабылып зорлаған Слекишина сұлулық салонын ашпақ

Аягөз маңында құлаған тікұшақтың ұшқышы Алматыға жерленді

Талқылау