Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағадиев ҰБТ сұрақтарына Есентаеваның есімі не үшін қажет болғанын түсіндірді

Ұлттық бірыңғай тестілеу мәтіндеріне Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай туралы сұрақтардың енгізілуіне журналистер кінәлі. Талапкерлерге арналған сынақтағы ерекше сауалдарға байланысты анық-қанығын білмек болған тілшілерге Білім және ғылым министрі осылай тап берді,-деп жазды 31 арна.

министр

«Газеттен алған текст. Сіз Есентаева туралы жазып отырсыз ғой? Сіз неге жазасыз? Ол газеттен, сайттан алған текст студенттерге берілген “міне, тексті оқып, сұрақтарға жауап беріңіз” деп. Сіз жазсаңыз біз оны неге алмаймыз? Сіз оны неге жазасыз онда?»,-дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Сағадиев мырзаның айтуынша, мұндай тапсырмалар бұқаралық ақпаратта жиі жарияланған тақырыптар негізінде құралыпты. Министр алдағы уақытта тіпті Геннадий Головкин мен Димаш Құдайбергенов жайында сұрақтар енгізуіміз мүмкін деді. Ал, ұлттық тестілеу орталығындағылар осы уақытта қоғамның қызу талқысынан кейін Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға байланысты сауалдарды алып тастадық деген ақпарат таратты.

Оқи отырыңыз:

ҰБТ тестіне Баян Есентаева жайлы сұрақтың неліктен енгізілгені түсіндірілді

ҰБТ-да Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға қатысты сұрақтар жүр

Баян Есентаева Дубайдағы ең қымбат “Версаче” қонақ үйінде демалып жатыр (видео)

Баян Есентаева Мальдив жігіттерімен қосылып таңдай қақтырарлық би биледі (видео)

Талқылау