Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысындағы мектепте сарыауру үйден әкелінген сусыннан тараған

Мамандардың айтуынша, ол оқу ордасындағы би кешіне үйден әкелінген салқын сусыннан тараған. Соның салдарынан 17 оқушы «А» гепатитін жұқтырды.

Жалпы облыс бойынша 51 адам осы ауру түрімен ауырған. Оның 34-і кәмелеттік жасқа толмағандар, деп хабарлайды 24 хабар арнасы.

Дәрігерлердің айтуынша, «А» гепатитінің антигені қызылша мен шомырда анықталған. Енді қала базарларындағы көкөністерге толық тексеріс жүргізілмек.

“Осы аптаның аяғына дейін тағы он мың дозасы түседі. Оқшауға вакцинаның саны толық алынды. Ақпан айының ортасына дейін тағы 60 мың доза әкелінеді. Инфекциялық ошақтарда болған, қарым-қатынаста болған оқушыларға 14 жасқа дейін тегін егіледі”, – дейді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстау облысында өгей анасы баласын 20 жерінен пышақтап өлтірді

Қазақстандық әжей Ресей жерінде өз көлігінің астына түсіп көз жұмды

Талдықорғанда жүргізуші 10 жасар қыз бен оған тиіскен ер адамды автобустан далаға шығарып жіберген

Талқылау